
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Тоқаевты Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
«Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады», – делінген Ақорданың баспасө қызметінің хабарламасында.
Қырғызстан қазақ елінің көшбасшысын «салтатты көшпенділер сарбаздар» қаз-қатар тізіліп қарсы алса, ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсеткен. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық киімдегі қырғыз биші қыздары мың бұралып, би биледі.