Енді Еуропа мен Түркияға 50-100 мың теңгемен ұшып баруға болады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Түркиялық AJet әуе компаниясы Еуропа мен Түркия бағытындағы әуе рейстеріне жеңілдік жариялады. Ең арзан билеттер бағасы 9 еуродан басталады. Осы акция арқылы енді қазақстандықтар Еуропаға бір бағытта 50-100 мың теңгеге ұша алады.

2025 жылдың 15 қыркүйегі мен 2026 жылдың наурызы аралығындағы рейстерге билетті осы акция арқылы жеңілдікпен алуға болады. Бірақ оларды 20-22 тамыз аралығында сатып алып үлгеру керек.

Акцияға Германия, Аустрия, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Дания, Венгрия және Түркияға баратын рейстер қатысады.

Орындар саны шектеулі, акция тек 112 мың билет үшін ғана жарамды. Билет құнына 8 келіге дейін қол жүгі де кіреді. Ал жүгіңіз 20 келіден асып кетсе, 9 еуроға дейін төлеу керек болады. Акция бойынша билеттерді ajet.com сайты арқылы немесе мобильді қосымша сатып алуға болады.

Еуропаға билет қанша тұрады?

Бұл акция аясында Стамбулдан Дюссельдорфқа 17 мың теңгеге, ал Амстердамға – 23,6 мың теңгеге ұшып баруға болады. Дәл осындай сомаға Вена, Берлин және Лондон бағыттарына да билет алуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, Анкарадан Лондонға арзан билеттерді 30,8 мың теңгеге брондауға болады. Осы түрік қаласынан Берлинге 31,1 мың теңгеге ұшып бару мүмкіндігі бар.

Анкара – Вена бағытына билет бағасы 37 мың теңгеден басталады. Ал Амстердамға 45,6 мың теңгеге билет сатып алуға болады.

AJet Қазақстаннан Стамбулға тікелей ұшпайды. Әуе компаниясының жалғыз бағыты – Алматыдан Анкараға. Билеттердің құны – бір жаққа 101,2 мың теңгеден басталады. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Еске сала кетейік, осы жылы шілдеде Түркияға тағы бір бағыт ашылған еді. Енді Air Astana компаниясы арқылы Астана-Бодрум аптасына екі рет рейс ұшады. Эконом-класс бойынша екі жаққа билет құны 304 337 теңгеден басталады. 

Сондай-ақ оқыңыз