Астана билігі Абу-Даби Плаза кәсіпкерлері митингіне рұқсат бермеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
Абу-Даби Плаза
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Астана қаласының әкімдігі Abu Dhabi Plaza сауда үйінен орын жалға алып отырған кәсіпкерлерге наразылық акциясын өткізуге рұқсат бермеді. Қалалық ішкі саясат басқармасының Kursiv.Media-ға берген ресми жауабында осылай делінген.

Басқарма мәліметінше, өтініш бейбіт жиын өткізу заңына сай рұқсат берілмеген. Өйткені Қазақстанда наразылық акцияларын арнайы орындарда ғана ұйымдастыру тәртібі бар. Бұған қоса, басқарма өтініште толық ақпарат берілмегенін алға тартып отыр.

Наразы кәсіпкерлер акцияны 21 тамызда сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Астанадағы «Абу-Даби» саябағында өткізуді жоспарлаған. Оған 30-дан 50-ге дейін адам қатысатыны хабарланған.

Бұған дейін Kursiv.Media Астанада Abu Dhabi Plaza кешенінде орын жалға алушылар мен әкімшілік арасында жанжал туғанын жазған. Сауда орталығында орын жалдайтын кәсіпкерлер қысым көріп жатқанын айтып, әкімдікке митинг өткізу туралы өтініш жолдаған.

Сауда орталығын басқаратын «Aldar Euroasia Property Management» компаниясы бұны жоққа шығарып, заң мен келісімшарт аясында әрекет етіп отырғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз