Жаңалықтар

Түркияның солтүстігінде жер сілкінді

Қазақстанның оңтүстігінде – Жамбыл және Түркістанда 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді / фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Түркияның солтүстігінде орналасқан Токат өңірінде қуаты 4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы жергілікті Anadolu хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі Токат қаласының Сұлусарай ауданында жергілікті уақытпен сағат 01:24 шамасында болды. Ақпаратты Төтенше жағдайлар мен табиғат апаттары жөніндегі басқармасы хабарлаған.

Мекеме дерегінше, жерасты дүмпуі 7,2 км тереңдікте орналасқан.

Түркияның Токат ауданы мен осы аттас қаласы елдің солтүстігінде, Қара теңіз жағалауында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда Түркияның батысында орналасқан Балыкесир өңірінде 6,1 балдық жер сілкінісі болған. Дүмпу Ыстанбұл мен Измир қалаларында сезілді. Бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

Ал 3 маусымда Түркияның Мармарис ауданыда 5,8 балдық жер сілкінісі болып, 1 адам қаза тапқан.