АвтоВАЗ Lada Iskra-ның газбен жүретін аса үнемді моделін шығармақ

Жарияланды 21 Тамыз 2025 15:20

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Бұл нұсқаның қашан шығатыны әзірге айтылмады / Фото: Лада.онлайн

АвтоВАЗ компаниясы Lada Iskra көлігінің газбен жүретін (ГБО) өте үнемді нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр.

«Lada.онлайн» порталының хабарлауынша, Lada Iskra көлігінің құралдар панелінде газ баллонындағы метан деңгейінің төмендігін білдіретін белгі бар. Оталдыру кезінде бұл белгі шамамен екі секундқа жанады да, өшеді. Бұл автокөліктің конструкциясы бастапқыдан-ақ газбен жабдықтауға (ГБО) бейімделгенін көрсетеді.

Сонымен қатар, пайдаланушы нұсқаулығында табиғи газбен (метанмен) жұмыс істейтін Lada Iskra CNG нұсқасына қатысты қосымша мәліметтер бөлек қосымшада берілетіні айтылған. Өкінішке қарай, ол қосымша әзірге қолжетімді емес. Дегенмен, бұл ақпараттың өзі-ақ АвтоВАЗ-дың метанмен жүретін «Искра» нұсқасын шығаруды көздеп отырғанын айғақтайды.

Қазір уақытта Iskra 1,6 литрлік екі қозғалтқыш түрімен ұсынылған. Бірі  90 ат күшіне ие 8 клапанды және 106 ат күшіне ие 16 клапанды нұсқалар.

Еске салайық, «АвтоВАЗ» компаниясы «стратегиялық модель» деп атаған жаңа Lada Iskra көлігі 2025 жылдың тамыз айының соңында Қазақстан нарығында сатыла бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз