
Әлемге әйгілі италиялық тенор Андреа Бочелли Алматыда тыңдармандарымен қауышады. Концерт 28 қазан күні Almaty Arena сахнасында өтеді.
Әлемге танылған өнерпаз
Андреа Бочелли – опера және эстрада жанрларын шебер тоғыстырған, қазіргі заманның ең танымал тенорларының бірі. Бала кезінде көру қабілетінен айырылғанымен, музыкаға деген құштарлығының арқасында жарқын шығармашылық жолын қалыптастыра білді.
30 жылдан астам уақыт ішінде әнші 90 млн астам альбом сатқан, миллиардтаған тыңдалым жинап, итальян мәдениетінің символына айналды. Оның репертуарында классикалық ариялардан бастап, заманауи әндерге дейін бар. Әлемдік жұлдыздармен, соның ішінде Дженнифер Лопес, Кристина Агилера, Дуа Липа және Тони Беннетпен дуэттер орындаған. Жақында ғана қазақстандық әнші Әйгерім Алтынбек те Бочеллимен бірге бір сахнада ән шырқаған еді.
Билеттер 25 тамыздан бастап Freedom Ticketon арқылы сатылымға шығады. Ал бүгін, 22 тамыз күні сағат 15:00-де Freedom SuperApp қосымшасында алдын ала сатылым ашылады.