«Бұл – бала емес, еркек!» Анасы мен ұлының сүйіскені жұрттың жағасын ұстатты

Анасы мен ұлының сүйіскені бүкіл Орталық Азия аймағын дүр сілкіндіріп отыр. Бұл сәт Еlkatiin атты блогер әйелдің сторисінде көрініп қалған.
Бұл кадр әлеуметтік желіні жарды. Көпшілік бұл видеоны сан-саққа жүгіртіп жатыр.
«Сүйіскенде анасы көзім жұмып тұр»
Бірі мұны көріп қалғаны үшін өзін-өзі кінәлап жатса, екіншілері «сүйіскен сәтінде анасының көзін жұмып тұрғанына» мән беріп отыр.
Еlkatiin, яғни, Элиза Жээнмырзаева болса, бұл видеоны өзі жариялағанына қарасмастан, таратушыларды сотқа беретінін мәлімдеді.
Threads-тің қырғыз сегментінде бұл оқиға ең көп талқыланған тақырып болып отыр. Бұған қазақстандықтар да үн қосып жатыр. Олар анасы мен ұлының бұлай сүйісуіне наразы.
«Папасы қызының ернінен сүйсе ше?»
«Аналардың балаларын ернінен сүйгені ұнамайды. Қай жағынан алсаң да, бұл дұрыс нәрсе емес»… «Папасы қызының ернінен сүйсе, оған да көз жұма қарайық па? Бұл екеуі бір нәрсе!»… Осындай айыптаған пікірлер көп.
Элиза Жээнмырзаева айыптауларға пікір білдірді. Оның айтуынша, видеодағы – расымен де енесі мен күйеуі.
«Біздің отбасымыздағы қалыпты жағдай»
«Бұл тақырыпты жабайық. Ешқандай сендер ойлағандай дүние емес. Тек сыйластық пен сүйіспеншілік ғана бар. Бұл іс-әрекет біздің отбасымыздағы қалыпты жағдай. Біз ешкімнен не істегіміз келетінін сұрамаймыз. Осы видео сіздің ашуыңызға тиіп жатса, онда мәселе – өзіңізде», – деп ашық жазған блогер.
Бұл пікірмен келіскен оқырмандар да табылып отыр. «Расында да, осы жариялымға дейін қараған өзім кінәлімін», – деп жазды оқырмандардың бірі.
Десе де, блогердің парақшасына қарағанда, бұл отбасы ислам дінін ұстанады. Меккеге қажылыққа барған фотолары жарияланған.
Айта кететін жайт, жас қыздың үрейін ұшырған пранкер 10 тәулікке қамалды.