Қазақстанда ерлер мен әйелдер қандай көліктерді сақтандырады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қытайда құнын жақсы сақтайтын көліктер рейтингі жасалды
ерлер мен әйелдер қандай көлік түрлерін сақтандырады / фото: архив kursiv.media

Қазақстандық ерлер мен әйелдердің көлік таңдау талғамы ұқсас болғанымен, кейбір айырмашылықтар да бар екені анықталды. Бұл туралы Freedom Insurance компаниясы 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы шілде аралығындағы деректерді талдау негізінде хабарлады.

Toyota Camry – ортақ таңдаулы көлік

Соңғы бір жыл ішінде ерлердің 17,54%, әйелдердің 18,46% міндетті автосақтандыруды (КҚИ АҚЖС) көбінесе Toyota Camry маркалы көліктеріне рәсімдеген. Бұл көліктердің басым бөлігі ақ түсті, 2005 жылдан бергі модельдер, қозғалтқыш көлемі – кемінде 2,5 литр.

Hyundai – екінші орын

Сақтандыру рәсімдеу жиілігі бойынша екінші орында ерлер арасында да (8,33%), әйелдер арасында да (15,89%) Hyundai маркасы тұр. Айырмашылығы – ерлер көбіне Elantra моделін, ал әйелдер Tucson моделін көбірек сақтандырған.

Ерлер мен әйелдердің үшінші таңдауы әртүрлі

  • Ерлер арасында үшінші орында – ВАЗ (6,76%),
  • Әйелдер арасында үшінші орында – KIA (8,7%).

Бұл деректер Қазақстан Автокөлік одағының статистикасымен де сәйкес келеді. Олардың ақпаратына сәйкес, соңғы алты айда Hyundai, Chevrolet және KIA маркалары Қазақстандағы ең көп сатылатын көліктердің үздік үштігіне тұрақты еніп отыр. 2025 жылғы қаңтар-шілде айларында сатылымда осы маркалар көш бастап, шілде айында Chevrolet Cobalt моделі алға шыққан.

Қазақстандағы көлік саны қарқынды өсуде

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 6,6 млн көлік тіркелген, оның ішінде 5,7 млн – жеңіл автокөлік. Тек шілде айында көлік саны 169 900-ге артқан.
Жаңа тіркелген көліктердің ең көбі:

  • Алматыда – 21 610,
  • Алматы облысында – 16 732,
  • Астанада – 15 475.

Айта кетерлігі, Алматы көшелерінде тәулігіне 1 млн-нан астам көлік жүреді.

«Freedom Insurance» СК” АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаевтың айтуынша, Қазақстанда көліктер санының артуына автонесиелердің қолжетімділігі мен автодилерлік орталықтардың түрлі бағдарламалары әсер етіп отыр.

«Көліктер санының көбеюімен бірге жол-көлік оқиғалары да артады. Сондықтан әрбір жүргізушінің міндетті сақтандыруы болуы тиіс. Бұл – жолдағы жауапкершілікті бөлісудің кепілі. Жүргізуші қаншалықты мұқият әрі сақ болса, апаттан жарақат алу немесе көліктің зақымдану қаупі соншалықты азаяды», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін автокөлік нарығындағы басты трендтер мен технологияларды жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз