ҚМДБ әйелді ұруды насихаттаған дінтанушыға қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
ҚМДБ әйелді ұруды айтқан ұстаз жайлы мәлімдеме жасады / фото: ҚМБД

Әлеуметтік желілерде дінтанушы Ризабек Батталұлының әйелдерге қатысты орынсыз пікірлері айтылған ескі бейнежазба қайта таралып кетті. ҚМДБ мәліметінше, бұл видео осыдан 9 жыл бұрын түсірілген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сол кезде дінтанушыға ресми түрде ескерту жасаған. Ризабек Батталұлы қателігін мойындап. Кейін 2018 жылы арнайы кешірім видеосын жариялаған болатын.

ҚМДБ бұл пікірлерді құптамайтынын мәлімдеді. Діни басқарманың ұстанымына сәйкес, Исламда әйелге құрметпен қарау, ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықтан сақтау – басты талаптардың бірі.

«Әйелге күш көрсету – шариғатқа да, еліміздің заңдарына да қайшы әрекет. ҚМДБ әйелдердің құқығын қорғауды, отбасындағы өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыруды қолдайды», – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде әйелдерді «дұрыс ұруды» насихаттаған Ризабек Батталұлын жазалауды талап еткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз