Жаңалықтар

«Хуторский» Хасан Қасымбаев сотта кінәсін мойындамады

Талғарда Хасан Қасымбаевтың соты бастала сала прокурор ауысты
Хасан Қасымбаев сотта кінәсін мойындамады / фото: архив kursiv.media

Талғар аудандық сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша басты айыпталушы Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады, бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Сот отырысында прокурор Ерлан Құланбаев айыптау актісін жариялағаннан кейін сот Айнагүл Тұқубаева айыпталушылардан тағылған айыптармен келісетін-келіспейтінін сұрады.

«Мен өз кінәмді толықтай мойындамаймын», – деді Қасымбаев.

Басқа айыпталушылардың жауабы

  • Руслан Әлиев – бұзақылықты мойындайтынын, бірақ басқа айыптарды теріске шығаратынын айтты.
  • Мәдияр Қалымжанов – бұзақылықты ішінара мойындап, қалған баптармен келіспейтінін жеткізді.
  • Сайлау Ақжанов, Данияр Аскаров, Нұрмұхамбет Сұлтанбеков – өз кінәларын толықтай мойындамады.

Істің мән-жайы

Айыптау актісінде көрсетілгендей, Қасымбаев пен оның серіктестеріне адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу (жәбірленуші – спортшы әрі жаттықтырушы Арман Әлімов) және бопсалау (жәбірленуші – кәсіпкер Әріпжан Тәжиев) айыптары тағылған.