Lifestyle

Мүлде танымайтын әйелге үйлендім – Арман Дәулетяров

Арман Дәулетяров мүлде білмейтін әйелге үйленіп, бақытты болғанын жазды / фото: instagram.com/armandavletyarov_official_fan, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Арман Дәулетяров мүлде білмейтін әйелге үйленіп, бақытты болғанын жазды / фото: instagram.com/armandavletyarov_official_fan, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Арман Дәулетяров – танымал медиа менеджер мүлде танымайтын әйелге үйленіп, 22 жыл тұрып келе жатқанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, ол тойға дейін Мавжуданы небәрі үш мәрте ғана көрген. Енді сол әйелмен 22 жыл отасқан.

Арман Дәулетяров осы уақыт ішінде жарының адалдығы мен қамқорлығы үшін жүрек жарды тілегін айтты.

«Бірінші мәрте – таныстық. Сенің дірілдеген дауысың, қалай қызарғаның әлі есімде. Өзімде толқыдым», – деп жұбайына жылы сөз арнады.

Екінші рет кездескенде, күйеу мен қалыңдық Мәскеуді шарлап, той көйлегін таңдапты.

Үшінші рет тойда көрген. Достарымның бірі: «Мүлде танымайтын әйелге қалай үйленбексің? Ақымақсың ба?», – деп құлағына сыбырлапты.

«Бізді жарасып кетеді деп сенгендер аз болды. Кейде өзіміз де күмәндандық. Алайда жыл өткен сайын сыйластық, мейірімдік, қамқорлық және сенім арқылы сезім келе берді. Балаларымыз өмірге келген соң, мығым бола түсті. Қазір біздің төрт ұлымыз бен көп күткен қызымыз бар», – деді Арман Дәулетяров.

Танымал медиа менеджер миллиондағын қыздың ішінен таңдап, осындай әйелге қосқаны үшін Жаратушыға алғыс айтты.

Мұның алдында Ерке Есмахан Раймды мақтан тұтатынын айтқан еді.