Кредитті уақытынан бұрын төлегені үшін айыппұл салынбайды

Жарияланды 22 Тамыз 2025 17:35

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
кредит
Фото: коллаж Kursiv Media

Осы уақытқа дейін банк қарызды мерзімінен бұрын төлеген үшін айыппұл салуға құқылы еді. Нақты айтқанда, қарыз бір жылға дейінгі мерзімге берілсе, алғашқы алты айда; ал егер қарыз бір жылдан ұзақ мерзімге берілсе, алғашқы бір жыл ішінде несиені ерте төлегендерге айыппұл салатын. Енді бұл талап өзгеретін болды.

2025 жылдың 31 тамызынан бастап мұндай айыппұлдар тек заңды тұлғаларға (компанияларға) ғана қолданылатын болады. Ал жеке тұлғалар үшін енді ешқандай айыппұл болмайды, қарызды кез келген уақытта қосымша шығынсыз өтеуге болады.

Несиені уақытынан бұрын төлеу қалай жүзеге асады?

Әдетте банк екі сценарий ұсынады:

  • Мерзімді қысқарту, төлемді шамамен сол қалпында қалдыру.
    Бұл пайыздан ең көп үнемдеуге мүмкіндік береді: қарызды тезірек жабасыз әрі артық төлем азаяды. Ай сайынғы төлем сомасы сізге ыңғайлы болса, тиімді нұсқа.
  • Ай сайынғы төлемді азайту, бірақ мерзімді қалдыру.
    Мұнда үнемдеу аз, бірақ бюджетте бос қаражат қалады. Ай сайынғы жүктеме маңызды болса (мысалы, басқа шығындар жоспарланса), ыңғайлы нұсқа.

Не таңдау керек? Егер мақсат артық төлемді барынша азайту болса, онда мерзімді қысқартқан тиімді. Егер ең бастысы ай сайынғы төлем аз болсын десеңіз, мерзімге тиіспейсіз, төлемді қысқартасыз.

Мерзімнен бұрын несиені төлеу – бюджетіңізді сақтайды, қаржылық жағдайыңызды тезірек реттей аласыз. Бірақ оның тәуекел тұстары бар екенін ұмытпаңыз:

  • Альтернативті шығын. Қарызға құйған ақшаңызды «қауіпсіздік жастығы» немесе инвестицияға сала алмайсыз.
  • Бонус/акциялардан айырылу. Кейбір бағдарламалар (кэшбэк, «бонуспен бөліп төлеу») мерзімге байланған, мерзімінен бұрын өтегенде жойылады.
  • Рәсімдік нюанстар. Өтінішсіз қалаған нәтижені алмай қалуыңыз мүмкін (мысалы, төлем азаймайды, мерзім қысқармайды).
  • Қаржылық «тесік». Барлық қаражатты қарызға жіберіп, кейін шұғыл шығын туындаса, қайта несие алу қаупі бар. Бұл пайдаңызды жоққа шығарады
Сондай-ақ оқыңыз