Жаңалықтар

NVIDIA Бейжің үкіметімен келісе алмай, чип өндіруді уақытша тоқтатты

Фото: ашық дереккөзден

NVIDIA H20 микрочиптерін өндіруді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған Қытай билігінің жергілікті компанияларды бұл процессорларды пайдаланбауға шақыруы себеп болды. Бұл туралы The Information басылымы жазады.

Аталған чиптерді компания АҚШ билігінің Қытайға жартылай өткізгіштер жеткізуге енгізген шектеулерін ескере отырып, арнайы қытайлық нарық үшін әзірлеген еді. 2024 жылдың сәуірінде АҚШ билігі NVIDIA-ға бұл чиптерді Қытайға арнайы рұқсатсыз сатуға тыйым салды, алайда кейін бұл шешімін өзгертті.

Өткен аптада Қытай билігі жергілікті компанияларға америкалық H20 процессорларын пайдаланбауды, әсіресе мемлекеттік міндеттер мен ұлттық қауіпсіздікке байланысты салаларда қолданбауды сұрап, ресми хабарламалар жолдады.

Мұндай өтінішке ҚХР үкіметінің алаңдаушылығы себеп болған: билік бұл чиптерде әзірлеушілер құрылғылар мен деректерге қол жеткізу үшін әдейі қалдырған осал тұстар болуы мүмкін деп есептейді.

Осыған дейін Nvidia Қытайға ЖИ-чип сатудан түскен табысының 15%-ын АҚШ үкіметіне беруге келіскен еді.