
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 2025 жылдың алты айындағы таза табысы екі есе азайып, 263,2 млрд теңгені құрады. Бұл деректер компанияның ХҚЕС бойынша жариялаған қаржылық есебінде көрсетілген.
Құжатта жазылғандай, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза табыс жоғары болып, 571,7 млрд теңгені құраған еді. Ол негізінен «СП Буденовское» ЖШС-ін сатып алудан түскен біржолғы кіріске байланысты деп түсіндіреді. Бұдан бөлек, есепті кезеңдегі түзетілген таза табысқа валюта айырмасынан болған шығын да кері әсер етті.
Бірақ осы жылдың алғашқы алты айында топтың жиынтық түсімі 6%-ға азайып, 660,2 млрд теңгені құрады. Ал жалпы пайда 11%-ға өсіп, 286,5 млрд теңгеге жетті. Салық салынғанға дейінгі пайда 1,7 есе төмендеп, 322,6 млрд теңге болды.
Жыл басынан бері компания активтері 6,6%-ға артып, 4,1 трлн теңгеге жетті. Міндеттемелер 1,5 есе көбейіп, 1,24 трлн теңгені құрады. Ал меншікті капитал 5,5%-ға азайып, 2,83 трлн теңгені көрсетті. Жарғылық капитал өзгеріссіз қалды – 37,1 млрд теңге.
«Қазатомөнеркәсіп» – Қазақстанның уран мен оның қосылыстарын, сирек металдарды, атом электр станцияларына арналған ядролық отынды және арнайы жабдықты экспорттайтын ұлттық операторы. Компания «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқаруында.
Айта кету керек, компания долларлық экспорттаушы деп есептеледі, бұл оның кірістерін инфляциядан және теңгенің құнсыздануынан қорғайды. Соңғы 5 жылда «Қазатомөнеркәсіп» дивидендтердің мөлшері орташа есеппен 30%-ға өсті.