
Шетелге шыққанда немесе шетелдегі таныстарыңызға ақша аударымын жасағанда кенеттен картаны, есепшотты бұғаттап тастайтын жағдайлар бар. Оған не себеп? Қандай жағдайда сіздің банк операцияларыңыз күмәнді көрінуі мүмкін? Ең бастысы – шетелде жүргенде картаны бұғаттап тастаса не істейміз? Kursiv Media материалында ұсынамыз
Неге шетелге аударым жасау күмәнді саналады?
Соңғы жылы Қазақстанда қаржылай қылмыс жасаған алаяқтар қаржыны ел ішінде жұмсамай, бірден шетел асырып жіберуі жиі байқалады. Сондықтан құзырлы органдар шетелге жасалатын аударымдарға, шетелдік операцияларды ерекше бақылауға ала басталды. Реттеушінің дерегінше:
- шетелде жүргенде ірі көлемде қолма-қол ақша шешіп алу
- жеке тұлғаға 500 мың теңгеден көп сомада трансшекаралық аударым жасау
- экономикалық маңызы жоқ қатарынан бірнеше ұсақ аударымдар жасау
- тыйым салынған заттар сатып алу немесе сату күмәнді операциялар қатарына жатады.
Үнемі тек Қазақстан аумағында ғана банк операцияларын орындап жүріп, күтпеген жерден шетелге ірі сомада ақша аудару да құзырлы органдарға күмәнді көрінеді. Мұндай операциялардың бірі сізден байқалса, бірден картаңызды бұғаттамайды. Бірақ банк хабарласып, қандай мақсатта ақша аударғаныңызды немесе сауда жасағаныңызды сұрауы мүмкін. Егер одан әрі күмәнді көрінсе, деректер құзырлы органға жіберіледі.
Шетелде жүргенде картаны бұғаттаса, не істеу керек?
1. Ең алдымен банкпен байланысыңыз
Картаңыз күмәнді операцияға байланысты автоматты түрде бұғатталуы мүмкін. Көптеген банктерде тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы бар. Оларға шетелден қоңырау шалу үшін арнайы халықаралық нөмірлерді пайдалануға болады:
Қазақстандық ірі банктердің жедел желілері:
- Halyk Bank: +7 (727) 259-07-77 (Қазақстаннан тыс жерде де жұмыс істейді), halykbank.kz
- Kaspi Bank: +7 (727) 332-88-77, kaspi.kz
- ForteBank: +7 (727) 244-30-10, fortebank.com
- Jusan Bank: +7 (771) 000-44-44, jusan.kz
- ЦентрКредит Банкі (BCC): +7 (727) 244-30-00, bcc.kz
Шетелге ұшатын кезде міндетті, түрде банкіңіздің байланыс орталығының нөмірін сақтап алыңыз.
2. Онлайн-банкинг пен мобильді қосымшаны қолданыңыз
Көптеген банктерде карта бұғатталған жағдайда, мобильді қосымша арқылы-ақ уақытша бұғатты алып тастауға болады. Тіпті сол қосымшада отырып жаңа виртуалды карта ашып, қолма-қол ақшасыз төлем жасай бересіз. Міндетті түрде өз банкіңізде ондай қызметтің бар-жоғын анықтап алыңыз.
3. Ақшаны әртүрлі картада ұстаңыз
Бір картаны бұғаттаса, екіншісін пайдалана аласыз. Сарапшылар кемінде екі түрлі банктің картасын алып жүруді ұсынады.
4. Қауіпсіздікке назар аударыңыз. Шетелде VPN/Proxy арқылы төлем жасасаңыз, банк транзакцияны «күдікті» деп қабылдауы мүмкін. Мүмкіндігінше, мобильді интернетті қолданған дұрыс. SMS/Push кодтары үшін роумингті қосулы ұстаңыз.
5. Саяхат кезінде банк қауіпсіздігі сервистері бар. Қазақстан банктерінде шетелге шығатын клиенттерге арналған қызметтер:
- Kaspi Travel Alert — шетелге шыққанда қосымша хабарлама жіберу (Kaspi.kz қолданбасында орнатуға болады).
- Halyk Safe Travel — клиент шетелде жүргенде күмәнді операцияларды растау үшін қосымша SMS/e-mail хабарламалар.
- Alatau City Protect — шетелде жасалған операцияларға қосымша қауіпсіздік тексерісі.
6. Егер банкпен байланыса алмасаңыз, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Қабылдау орталығымен байланысуға болады. Нөмірі: +7 (7172) 72-05-11. Тәулік бойы жұмыс істейді, шетелден де хабарласа аласыз.
Егер саяхатқа дайындалып жатсаңыз, алдын ала мына дүниелерді анықтап алыңыз:
- Сізге қызмет ететін банкте «саяхаттау режимі» бар ма? Мүмкіндігінше банкке алдын ала хабарласып, шетелде транзакция жасайтыныңызды ескертіп қойыңыз
- Карта аударымына қандай лимит бар екенін анықтаңыз. Жоғарыда айтылғандай, кейбір банктер үлкен аударымдарға күмәнмен қарайды.
- Картаңызды Apple Pay, Google Pay сияқты төлем сервистерін қосып алыңыз. Сол кезде картта бұғатталса да, виртуалды нұсқасы жұмыс істей алады.