Банк пен қаржы

«ҚазТрансОйл» топ-менеджерлері жарты млрд теңгеге жуық сыйақы алған

ақша теңге
Фото: shutterstock

«ҚазТрансОйл» (ҚТО) топ-менеджерлері 2024 жылы 484,4 млн теңге сыйақы алған. Мәлімет Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды. Компания «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) арқылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. Kursiv.Media атқарушы биліктегі топ-менеджерлердің әрқайсы шамамен 70 млн теңге алғанын есептеп шықты.

ҚТО-ның KASE-ге тапсырған мәліметінде былтыр компанияның атқарушы органының мүшелері 485 млн 429 мың 507 теңге сыйақы алғаны айтылған. Компания былтыр 41,6 млрд теңге табыс тапқан.

Компания сайтындағы мәліметке сәйкес, қазір мекеменің директорлар кеңесі бес адамнан, ал басқарма құрамы жеті адамнан тұрады.

Директор кеңесінің мүшелері:

  • Болат Зәкіров – директорлар кеңесінің төрағасы, ҚМГ өкілі;
  • Қайнар Кожумов – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Арман Қасенов – директорлар кеңесінің мүшесі, бас директор;
  • Нұрлан Аханзарипов – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Әмір Бозжігітов – директорлар кеңесінің мүшесі, ҚМГ өкілі.

Басқарма құрамы:

  • Арман Қасенов – директорлар кеңесінің мүшесі, бас директор;
  • Нұржан Күшжанов – бас директордың орынбасары;
  • Алмас Оңғарсынов – басқарушы директор (2024 жылғы сәуірде сайланған)
  • Жайдарман Исақов – басқарушы директор;
  • Абай Бейсембаев – бас директордың орынбасары (2025 жылғы қаңтарда сайланған);
  • Әміржан Оспанов – бас директордың орынбасары;
  • Ғазиз Қошанов – басқарушы директор.

Осылайша, ҚТО басқарма құрамында барлығы он бір топ-менеджер бар екенін анықтауға болады. Шамамен жарты млрд теңге сыйақы атқарушы орган мүшелеріне төленгенін ескерсек, былтыр қомақты қаражат +/- жеті топ-менеджерге төленгені мәлім болады. Бұдан шығатын қорытынды: әр топ-менеджер шамамен 70 млн теңге сыйақы алған.

Бұл ретті топ-менджерлерге белгіленген сыйақы көлемі әртүрлі болуы мүмкін екенін ескертеміз. Кімнің нақты қанша алғаны туралы мәлімет ашық деректе жоқ. KASE сыйақының жиынтық мөлшерін ғана жариялап отыр. Сонымен бірге, топ-менеджерлердің бірі компанияға кейін, бірі ертең келгенін де естен шығармаған жөн.

«ҚазТрансОйл» компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі. Ал ҚМГ «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына еншіліс компания.