23 тамызда Алматыда QJL All Star – «Атлетико» матчы өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
QJL All Star – «Атлетико» матчы «Хан Тәңірі» стадионында өтеді / Фото: qjl.kz

Ертең, 23 тамызда Алматыда Freedom QJ League жұлдыздары мадридтік «Атлетико» академиясының ойыншыларымен кездеседі.

Қазір матч алдындағы соңғы дайындық шаралары жүріп жатыр. QJ League баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ойын көрермендерін лазерлік шоу мен түрлі эффектілерге толы футбол мерекесі мен  қызықты интерактивтер күтіп тұр.

Afterparty хедлайнерлері – Орталық Азияның диджеинг чемпионы DJ PUZA және Freaky Monday жобасының негізін қалаушы DJ BURLYAEV.

Сондай-ақ Freedom QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов пен Лиганың президенті Рохус Шох QJL All Star командасының ойыншылары және бапкерлік штабы алдында сөз сөйледі.

Олар жаттығу күні басталар алдындағы жалпы жиналысқа қатысып, мадридтік «Атлетикоға» қарсы алдағы ойынға дайындалып жатқан футболшыларға қолдау көрсетті.

Ойын «Хан Тәңірі» стадионында өтеді. Ойынның өзі кешкі 20:00-де басталады.

Осыған дейін Лига «Қайрат» футбол клубы өз ойыншыларын мадридтік «Атлетико» жастар командасына қарсы ойынға жібермейтінін ресми түрде хабарлаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда «Атлетико Мадридтің» футбол академиясы ашылатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз