Жаңалықтар

Аптап ыстық көңіл-күйдің төмендеуіне әкеледі – зерттеу

Аптап ыстық көңіл-күйдің төмендеуіне әкеледі - зерттеу
Аптап ыстық көңіл-күйдің төмендеуіне әкеледі – зерттеу/Фото: shutterstock

Ғалымдар ыстық ауа райының адамдардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін анықтау үшін әлеуметтік желілердегі бір миллиардтан астам жазбаны талдаған, деп жазады Еuronews.com.

Массачусетс технологиялық институты және әлемнің басқа да ғылыми орталықтарының зерттеушілері әлеуметтік желілерде адамдардың эмоцияларын бақылап, оларды қатты ыстық күндермен сәйкестендірген.

Олар 150-ден астам елден жиналған 1 миллиардтан аса жазбаны саралап, «ыстық адамдарды тек терлетіп қана қоймайды, көңіл-күйін де түсіреді» деген тоқтамға келген

Зерттеу барысында ауа температурасы 35 °C-тан жоғары болғанда, табысы төмен елдерде жазбалардағы көңіл-күй шамамен 25%-ға, ал табысы жоғары елдерде 8%-ға нашарлайтыны анықталған.

Бұған дейін, Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі, медицинадағы жасанды интеллект бойынша халықаралық сарапшы Олжас Әбішевпен «Жасанды интеллект дәрігерлердің орнын баса ала ма» тақырыбында сұқбат жүргізгенбіз.