
Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланғанын хабарлады.
Грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
Биыл магистратураға түсу үшін 49 мыңға жуық адам емтихан тапсырған. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған.
Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады
Биылға магистратураға 13 мың грант бөлінген.
Бұған дейін, мемлекеттік грант иегерлері оқуды тәмәмдағаннан кейін грантты жұмыспен қалай өтейтіні туралы жазғанбыз.