
Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» автожолы реконструкцияланып, кеңейтіледі. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Қаратал ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлады Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жөндеу жұмыстары 0-22 км және 22-48 км аралығында екі кезеңде жүргізіледі. Реконструкциялаудан кейін жолдың қазіргі қолданыстағы бөлігінің ені 7 метрден 9 метрге дейін ұлғайтылады.
Әкімдік қазіргі кезде облыстық маңызы бар «Үштөбе-Ортатөбе» және «Үштөбе-Стрела» бағытындағы автомобиль жолдарында орналасқан көпірлерге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталуға тиіс.
Сонымен қатар 9 елдімекенде жалпы ұзындығы 13,2 км болатын 19 көше жолы орташа жөндеуден өткізіліп жатыр. Қазіргі кезеңде жөндеу жұмыстары Үштөбе қаласында, Қарашеңгел, Тастөбе, Жаңаталап ауылдарында аяқталған, ал Алмалы, Бастөбе, Ортатөбе, Достық, Көкпекті ауылдарындағы жөндеу қараша айында толық аяқталады деп күтіліп отыр.
Бұған дейін, Қонаев-Күрті учаскесіндегі жаңғырту жұмыстары ақашан аяқталаны туралы жазғанбыз.