Жаңалықтар

Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті/Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қ.Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорданың ақпаратынша, әңгімеге француз тарапы бастамашылдық танытқан.

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласқан.

Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасқан.

Бұған дейін, президент Қырғызстанға ресми сапармен барып, қырғыз президенті Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізген.