ТЖМ ауа райына байланысты қауіптіліктің 5-деңгейін жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбын жариялады, деп хабарлайды KursivMedia.
Мұндай қадамға ыстық та құрғақ ауа райы себеп болып отыр. Министрлік оңтүстікте және батыста шаңды дауыл көтеріліп, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында + 35… + 40 ° С ыстық күтіліп отырғанын атап өткен. Тек солтүстік пен шығыста күн күркіреп, кей жерлерде жауынмен бірге бұршақ жауады.
ТЖМ шақырады:
- далада от жақпауға;
- ашық алаңда темекі шекпеуге;
- шөпті қураған ағаштардың жанында жақпауға.
Қазгидромет республика аумағына батыс антициклон ығысып, сонымен байланысты жауын-шашын уақытша тоқтайтынын хабарлады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда – тұман болжанады.
Синоптиктер көптеген облыстарда ауа температурасының жоғарылауы күтілетінін айтып отыр:
- солтүстік өңірлерде 25-30 градусқа дейін;
- Қазақстанның орталығында 22-32 градусқа дейін, кей жерлерде қатты ыстық 35 градусқа дейін;
- оңтүстікте 30-38 градусқа дейін;
- оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін;
- таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін көтеріледі.
Тек шығыс Қазақстанда температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.