
Ақтау әуежайында сәбиімен бірге ұшаққа мінген әйел әуе кемесінде жарылғыш зат бар екенін мәлімдеген. Бұл туралы жергілікті Lada басылымы жазды.
Осыдан кейін экипажды қоса алғанда «Scat» әуе компаниясының Ақтау – Шымкент рейсіндегі 200 жолаушының барлығы шұғыл эвакуацияланып, оқиға орнына арнайы қызметтер келген. Ұшақты мамандар бес сағаттан астам уақыт бойы тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппаған.
Жолаушылардың айтуынша, әйелдің мұндай мәлімдемесіне эмоциялық күйзеліс себеп болуы мүмкін.
Әйелді құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен. Оның үстінен «Терроризм актісі туралы жалған хабар беру» бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Бұған дейін, жасөспірім ұшақтағы қалжыңы үшін 20 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін екенін хабарлағанбыз.