10 машинаны ұтысқа қойған Жанәбіловтерді министрлік тексереді

Жарияланды 24 Тамыз 2025 16:52

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: Жанәбіловтар жариялаған видеодан скрин

10 машинаны ұтысқа қойып, курстарын сатқан ерлі-зайыпты Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованы құмар ойындар мен лотерея қызметін реттеу комитетіне шақырды. Құзырлы оргардар блогерлер ұйымдастырған ұтыстың қаншалықты заңды екенін тексереді.

«ҚР ТСМ жанындағы құмар ойындар мен лотерея қызметін реттеу комитетіне азамат С.-дан жоғарыда көрсетілген блогерлер ұйымдастырған бағалы сыйлықтарды ұтысқа салудың лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта азамат Жанабыловқа ӘҚБтК-нің 743-бабының 1-бөлігіне сәйкес түсініктеме беру қажеттілігі туралы хабарлама жолданды, оның нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралатын болады», – деп жазылған хабарламада.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты төмендегіні хабарлайды:

Министрлік мәліметінше, блогерлер түсініктеме бермеген жағдайда Комитет ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғайды.

Айта кетейік, «Zhanabylov_e» және «elt6i» аккаунттарымен танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов және Эльмира Төлегенова инстаграм парақшасында 10 көлікті ұтысқа қоятынын жариялаған. Ол ұтысқа қатысу үшін блогерлерден құны 30 мың теңге тұратын курс сатып алу қажет.

Бірақ ҚР заңы бойынша, лоторея ұйымдастыру құқығы арнайы ұлттық операторға ғана берілген. «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңының 5-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес лотерея операторы немесе лотерея таратушысы (агенті) болып табылмайтын тұлғалардың лотерея өткізуіне және лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуларына (сатуларына) тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыз