Ақтауда 3 жасар балаға 50 келілік аттракцион құлап кетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Lada.kz cайтынан видео скриншоты

Ақтауда 3 жасар баланың үстіне 50 келілік аттракцион бөлігі құлап кетті. Оқиғадан кейін оған емдеу және психологиялық көмек қажет болып отыр деп жазады Lada.kz

Басылым мәліметінше, «Apollo» балалар ойын-сауық орталығында салмағы шамамен 50 келі болатынқұрылғы баланың үстіне құлаған.

Анасының айтуынша, құрылғы мүлде бекітілмеген және ол электр қалқанын жабу үшін қолданылған. Сыртынан жұмсақ матамен қапталғанымен, ішінде ауыр металл блок болған.

«Аттракцион бөлігі ешқандай бекітусіз тұрған. Өзім көтеріп көрдім, бірақ ол тым ауыр болып шықты,» – дейді Айгүл Бисембаева.

Оқиғадан кейін бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Баланың аяғы қатты ауырып қалды, бірақ ешқандай сүйек сынбаған. Дәрігерлер оған МРТ жасауға жолдама берген. Одан бөлек бүлдіршіннің ұйқысы бұзылып, шошып оянатын берген. Оған енді психологтың да көмегі керек.

Отбасы моральдық шығын ретінде 200 мың теңге өтемақы талап етіп отыр. Алайда анасының сөзінше, «Apollo» өкілдері тек алғашқы күні дәрігер қабылдауына төленген шығынды және сатып алынған дәрілердің ақысын өтеп беруді ұсынған. Моральдық «өтемақы» ретінде аквапаркке немесе ойын-сауық орталығына бір реттік билет бермекші болған.

«Маған олардың аквапаркі не ойын орталығының қажеті жоқ. Бала үйде төсек тартып жатыр. Мен оны әлі де дәрігерлерге апаруым керек, ал олар маған көңіл көтеруді ұсынып отыр,» – деп ашуланды Айгүл Бисембаева.

Полиция өкілдері арыздың тіркелгенін растады. Іс материалдары Ақтау қалалық әкімдігіне жолданатын болды.

Сондай-ақ оқыңыз