Құтқару операциясы тоқтады: Альпинист Наталья Наговицына тағдыры

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: инстаграм парақшасынан

Қырғызстандағы Жеңіс шыңында аяғын сындырып, тауда қалған ресейлік альпинист Наталья Наговицына қаза тапты. Бұл туралы елдің Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

«Растаймын. Оның қаза тапқаны туралы болжамды біздің барлық сарапшылар айтты», – деді Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әділ Чарыгов.

Оның айтуынша, құтқару операциясы ауа райының күрт нашарлауына байланысты тоқтатылды. Mash телеграм арнасы құтқарушылардың альпинистке жетуге жасаған соңғы әрекеті түсірілген видеоны жариялады. Онда 6100 метр биіктікте құтқарушылардың қарлы боранды бұзып өтіп бара жатқанын көруге болады. Бірақ Наговицына бұдан да биік, 7140 метрде болған, ал ол жерде ауа райы тіпті ауыр. Арнаның дерегінше, Натальяның денесі көктемге дейін тауда қалады, ал оның шатырын іздеу 2026 жылдан ерте басталмайды.

Шыңға көтерілу ұйымдастырушысы Ak-Sai Travel компаниясы да құтқару жұмыстарының тоқтағанын растады.

Альпинист Наталья Наговицына 12 тамызда Жеңіс шыңына (7140 м) көтерілу кезінде ауыр жарақат алған. Ол шағын гидтер тобымен бірге болған, олардың бірі тайып кетіп, Натальяны да қоса сүйреп кеткен. Әйел аяғын сындырып, әрі қарай жүре алмады.

Бұл оқиға үлкен резонанс тудырды, себебі Натальяның өмірінде бұған дейін де қайғылы тәжірибе болған. Төрт жыл бұрын ол күйеуімен бірге Хан-Тәңірі шыңына көтерілген. Сол жерде оның күйеуі инсульт алып, 6900 метр биіктікте қаза тапқан еді. Наталья соңына дейін жолдасының жанында қалып, көмектесуге тырысты.

Бір жылдан кейін ол сол жерге қайта оралып, күйеуіне арналған ескерткіш тақта орнатты. Енді дәл сондай 7000 метр қашықтықта өзі де қайтыс болды. Оның артында 27 жастағы ұлы қалды.

Сондай-ақ оқыңыз