Тоқаев Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесімен құттықтады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото:Ақорда

Тоқаев Украина халқын ұлттық мерекесімен құттықтап, арнайы құттықтау жолдады. Бұл жайлы Ақордадан хабарлайды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі», – деп жазылған хабарламада.

Бүгін, 24 тамыз, Украинада – Тәуелсіздік мерекесі. 1991 жылы дәл осы күні Киевте Украинаның Жоғарғы Радасы (парламент) арнайы мәжіліс өткізіп, Тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Кейін 1992 жылғы ақпанда Жоғарғы Рада Украинаның Тәуелсіздік күнін тойлаудың ресми күні 24 тамыз деп бекітті.

Бұған дейін Тоқаев Франция президенті Макронмен телефон арқылы сөйлескен еді.

Сондай-ақ оқыңыз