
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз ретінде тіркеліп, қиын жағдайға тап болған 24790 азаматқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS хабарлама жіберілетінін хабарлады.
Министрлік бұл жұмысты ұлттық статистика бюросымен бірлесіп істемек.
Кім қамтылады:
- Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарынан басқа жұмыссыз ре тінде тіркелген азаматтар
Қандай жұмыс ұсынылады
- Азаматтарға 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасуға шақыру жіберіледі.
Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізілмек.
Бұған дейін, елде мал басы мен ауылшаруашылық техникасының санағы өтетінін хабарлағанбыз.