Әскерге шақыру тәртібіне өзгерістер енгізілмек
Жарияланды

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Жобалық құжатқа сәйкес, әскерге шақырылушыларды SMS-хабарлама арқылы шақыру ресми түрде бекітіледі.
Сондай-ақ, жаңа түзетулерде азаматтарға әскерге шақырудан кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет арқылы рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет нақты белгіленген уақытта өтеді: күзде — 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін, көктемде — 1 наурыздан 30 маусымға дейін.