«Қайрат» – «Селтик» матчы кезінде Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Орталық стадион
«Қайрат» – «Селтик»: Алматыда бірнеше көше жабылады / фото: ашық дереккөз

Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» (Алматы) пен «Селтик» (Глазго) арасындағы қарымта матч кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін 2 мыңға жуық полиция қызметкері қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көп жанкүйер жиналатынына байланысты полиция кешенді күштердің нарядтарын күшейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, кептеліс туындамауы және арнайы автокөліктердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаладағы кей көшелерде қозғалыс уақытша шектеледі.

Атап айтқанда, шектеу Абай даңғылы — Байтурсынов көшесі — Мұқанов көшесі — Сәтбаев көшесі аумағында енгізілуі мүмкін.

Алматы қалалық полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарға осы жағдайды ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полицейлердің нұсқауларын орындауға шақырды.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 21:45 те Алматының орталық стадионында «Қайрат» пен «Селтик» ойыны өтеді. Аталмыш ойынға барлық билеттер сатылып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз