Жаңалықтар

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына демеушілердің қаражатынан үй салынып жатыр

Қаржаубай Нұрымов отбасына демеушілер үй салып жатыр / фото: instagrammeir_halyq_zangeri

Алматы облысында Қаржаубай Нұрымовтың отбасына арналып демеушілердің қаражаты есебінен жаңа үй салынып жатыр. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.

Үйдің құрылысына Асқар есімді азамат қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Ол өзінің атын жариялағысы келмегенімен, халық нағыз батырды білуі тиіс екенін атап өтті. «Асқар бауырыма Алла денсаулық берсін», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімдігі құрылыс барысын толық бақылауда ұстап, барлық құжаттарын рәсімдеп, жұмысты соңына дейін жеткізуге уәде берген.

«Мен үшін уәде – ҚР Азаматтық кодексінің талабына сәйкес міндеттеме. Ал міндеттемеден біржақты бас тартуға жол берілмейді. Ол соттағы жауапкершілік», – деді адвокат.

Бұл іске Асар-Уме қоғамдық ұйымының жетекшісі Асхат Нұрмашев те қолдау көрсетіп, үйдің ішіндеге жиһазды өз мойнына алатынын айтты.

Дегенмен, Шекеевтің айтуынша, үйге қажетті жабдықтар әлі де бар.

«Газ пеші, перделер және басқа да тұрмыстық заттар қажет. Қол ұшын беремін деген жандардан бас тартпаймыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – деп жазды Шекеев.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы қазанда, 16 жастағы Шерзат Полат қазасынан бір аптадан кейін, оның отбасы тұратын үй өртенген еді. Полиция қылмыстық іс қозғаған болатын. 2025 жылғы 15 тамызда жергілікті БАҚ-та бұл іс тоқтатылды деген ақпарат тарады. Алайда адвокат Мейірман Шекеев Талғарда өткен жылы қазанда Шерзат Полаттың отбасына тиесілі үйдің өртенуіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылмағанын мәлімдеді.