Жаңалықтар

Рамзан Қадыровтың 80 туысы жоғары лауазымды қызметте отыр – BBC

Шешенстан үкіметі толықтай дерлік Рамзан Кадыровтың туыстарынан тұрады / фото: KursivMedia мұрағаты
Шешенстан үкіметі толықтай дерлік Рамзан Кадыровтың туыстарынан тұрады / фото: KursivMedia мұрағаты

Рамзан Қадыровтың 80 туысы Шешенстанның билігінде жоғары лауазымды қызмет атқарады. Мұны Би-би-сидің орыс қызметі анықтады.

Басылымның мәліметінше, Шешенстанның күштік құрылымдарында – Делимхановтар мен Эдильгириевтер, ал атқарушы билікте – Қадыровтар, Ибрагимовтер көп. Сакказовтар мен Закриевтер заң шығару саласында сүбелі үлеске ие. Закриевтер спорт саласын меншіктеген.

Байсұлтановтар, Алханов, Садуловтар, Айдамировтар және өзге де туыс әулет өкілдері биліктің әр тармағында кездеседі.

Сонымен қатар, Рамзан Қадыровтың үш әйелінен тараған үш ұлы да үлкен қызмет атқарады. Мәселен, Ахмат Қадыров Спорт министрі болса, Адам Қадыров – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. Али Қадыров – Бокс Федерациясының президенті.

Қызы Хадижат Кадыровтың өзі Шешенстан әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауызымын атқарады. Оның күйеуі Адам Алханов – Денсаулық сақтау министрі. Табари Қадырова 12 компанияға иелік етсе, оның күйеуі Рамзан Висмурадов – Жастар ісі жөніндегі министр. Ал «Шешен минеральды суы» иесі Айшат Қадырованың  күйеуі Висхан Мацуев – вице-министр. Хутмат Қадырова Қадыров хатшылығы жетекшісінің орынбасары, ал күйеуі Лом-Али Садулаев да міндетті сақтандырдың аймақтық қорының директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады екен.

Басылымның пікірінше, Рамзан Қадыровтың дауға көп іліккен ұлы – Адам. Ол Шешенстан батыры атағын ие. «Өңір басшысының қауіпсіздік қызметінің ең жас  басшысы» атағын алып, «Гиннестің рекордтар кітабына» еніп отыр. Ол бұл қызметке 15 жасында тағайындалған.

«Туыстарын басқару оңай. Отбасылық байланыс жоғары лоялдылық береді. Бұл Қадыровқа қарсы астыртын сөз байласудан сақтайды. Бұл тағайындаулар «шешен үкіметі – Қадыров отбасы» деген ұғымды бекіте түседі», – деп пікір білдірген Солтүстік Кавказ жөніндегі сарапшы Гарольд Чемберс.

Мұның алдында, Рамзан Қадыровтың анасы украин өңіріне сіңірген еңбегі үшін орден алғаны белгілі болды.