Алматыда қозғалыс шектелген көшелердің қашан ашылады?

Алматыда қозғалысы шектелген көшелер қыркүйектің жетісіне дейін толық реттелуі керек. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды өткізген кеңесте айтылды.
«25 тамыздан бастап Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Сәтпаев – Байтұрсынұлы, Бұқар жырау – Марков және Бекмаханов көшелерінде көлік қозғалысы ашылды. 1 қыркүйекке дейін Лавренев пен Ғабдуллин көшелерінде қозғалыс қайта жанданады. Ал Жамбыл және Жароков көшелерінде қозғалыс 7 қыркүйекке дейін ашылады», – деді су және энергетика басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай.
Сонымен қатар кеңесте «Тамарикс», «Сакура» және «Алтын Сити» тұрғын үй кешендеріндегі мәселелер қаралды. Қазір құрылыс компанияларымен бірлесіп жылу қазандықтарын іске қосу жұмыстары жүргізіп жатыр.
Қала әкімі Дархан Сатыбалды иесіз модульдік қазандықтардың жұмысын да ерекше бақылауға алуды тапсырды. Оның айтуынша, жауапты мекемелердің болмауы жылумен қамтуда ақауларға әкелмеуі тиіс.
Айта кетейік, 26 тамыз «Қайрат» – «Селтик» матчы кезінде Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі. Атап айтқанда, шектеу Абай даңғылы — Байтурсынов көшесі — Мұқанов көшесі — Сәтбаев көшесі аумағында енгізілуі мүмкін.