Қазақстан азаматтарының Шарм-эль-Шейхке кіру ережелері өзгереді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарының Шарм-эль-Шейхке кіру ережелері өзгерді. Мысыр Сыртқы істер министрлігінің жаңа талаптарын жариялады.

Енді Қазақстан азаматтары 21 жасқа дейінгі балалар туыстарымен (әже, ата, тәте, көке, ағасы, әпкесі) бірге сапарға шықса, бір ата-анасынан нотариалды расталған келісімхат қажет. Онда ел мен сапар мерзімі көрсетілуі тиіс.

Құжаттар тізімі:

  • Баланың туу туралы куәлігі;
  • Туысының паспорты;
  • Орыс және ағылшын тілінде нотариалды расталған келісімхат.

🔹 Сонымен қатар, аталған елдердің азаматтары егер толық туристік пакетсіз (тек әуе билетімен) баратын болса, онда:

  • Мысыр елшілігінде алдын ала виза рәсімдеуі,
  • Ұлттық қауіпсіздік қызметінен арнайы рұқсат алуы қажет.

Осы жылғы ең танымал бағыттардың бірі – Түркия мен Мысыр. Екеуінің қайсысының арасында таңдау жасарын білмесеңіз, келесі материалды ұсынамыз.

Сондай-ақ оқыңыз