Қазақстанда ең көп несие алатын қандай өңірлер?

Жарияланды 25 Тамыз 2025 16:37

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Почти 19 миллиардов тенге могут вернуть дольщикам в Казахстане
Фото: ашық дереккөзден

2025 жылдың алғашқы жартысында банк секторының халыққа берген несиелері 22,6 трлн теңгеге жетті. Ал жеке тұлғалардың депозиттері 20,6 трлн теңге болды.
Осылайша, кредиттердің депозиттерге қатынасы 1,1-ді құрап отыр, яғни ел бойынша жинақталған қаражаттан берілген қарыз көбірек.

Алайда өңірлер бойынша жағдай әртүрлі.

Абсолютті көшбасшы – Шымкент қаласы. Мұнда әр 1 теңге депозитке 2 теңге несиеден берілген. Жетісу облысында бұл көрсеткіш тіпті жоғары – 2,5, ал Түркістан облысында – 2,4. Бұл өңірлерде депозиттік база әлсіз болғанымен, қарыз беру белсенді жүріп жатқанын көрсетеді.

Керісінше, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанайда және Алматыда жинақ көлемі несиеден асып түседі, яғни қатынас 1-ден төмен.

Несие белсенділігі бойынша ТОП-3 өңір:

  • Жетісу – 2,5
  • Түркістан – 2,4
  • Шымкент – 2,0

Жинақшылдық бойынша ТОП-3 өңір:

  • СҚО – 0,7
  • Алматы – 0,8
  • Қостанай – 0,8

Жыл басынан бері ел бойынша несие портфелі 8,5%-ға өсті, ал депозиттер 5,2%-ға артты.
Ең жылдам несие өсімі Жетісу облысында (+12,9%) және Алматин облысында (+12,2%) байқалды. Ал жинақтардың ең жоғары өсімі Түркістан облысында тіркелді (+21,1%).
Сонымен қатар, ең ірі салымдар шоғырланған Алматыда кредиттеу қарқыны баяу дамуда.

Сондай-ақ оқыңыз