Жаңалықтар

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Арман Сабитов / фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтың жаңа орынбасары тағайындалды. Жаңа лауазымды енді Арман Сәбитұлы атқарады деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Арман Сәбитұлы 1984 жылғы 20 сәуiрде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – қаржы және несие, құқықтану: экономика саласын құқықтық реттеу.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында «Азаматаудит» ЖШС аудитордың ассистенті болып бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, кейін Түркістан облысында түрлі лауазымды қызметтер атқарды.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

Бұған дейін бұл лауазымда экс-депутат Руслан Берденов болған еді. Кейбір БАҚ-тың жазуынша, Берденов қызметінен кеткен. Бірақ ол ақпарат ресми түрде расталмады. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған.

Сәуірде әкімдік ғимаратының маңында Берденовке оқ атып, жараланған. 20 тамызды сот процесі аяқталып, шенеунікке оқ атқан  «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ның бұрынғы директоры, 31 жастағы Ернар Жиембай 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.