Тәжікстанда балгерлерге жүгінгендерге айыппұл салынады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Тәжікстан заңдарына енгізілген жаңа өзгерістер бойынша, ел азаматтары балгерлер мен сиқыршыларға жүгінгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл көлемі 3750-ден 4500 сомониге дейін (шамамен 250 мың теңгеге дейін) жетеді.

Бұған дейін Тәжікстан үкіметі парламентке осы мәселе бойынша заң жобасын ұсынған еді. Құжатта «сиқыршы мамандардың» қызметін пайдаланғандар 375-тен 750 сомониге дейін (35–70 доллар немесе 18 930–37 860 теңге) айыппұл төлейтіні көрсетілген.

Билік мұндай шара қоғамға зиянды әдеттермен күресуге және оларды тежеуге көмектеседі деп есептейді. Бұған дейін мемлекеттік органдар мен дін өкілдері сиқыршылық пен бал ашу қоғамға зиянды, мәдени және діни нормаларға қайшы деп бірнеше рет мәлімдеген.

2025 жылдың алғашқы жартысында елде 495 жағдайда магиялық қызмет көрсету фактісі анықталған.

Балгерлердің көмегіне қазақстандықтар да жүгінеді. Соңғы 12 айда қазақстандықтардың 4 пайызы олардың қызметін пайдаланады. Ал респонденттердің басым бөлігі – 89,1%-ы оларға сенбейді.

Сондай-ақ оқыңыз