Банк пен қаржы

Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдығына арнап монета шығарды

Фото: Ұлттық Банк

Қазақстан Ұлттық Банкі Ата Заңның 30 жылдық мерейтойына арнап коллекциялық монеталар шығарды.

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ атты коллекциялық монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында жасалған. 27 тамыздан бастап сатылымға шығады.

Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.