Жаңалықтар

Күзден бастап «Орда Аймақ» ипотекасын рәсімдеу жеңілдейді

Жаңа үй
Фото: shutterstock

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Орда Аймақ» бағдарламасы бойынша ипотека рәсімдеу жеңілдейді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақстан тұрғын үй компаниясының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Заң өзгерді

«Бәйтерек» ұлттық холдингіне еншілес ұйым күзден бастап тұрғын үй құрылысына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енетінін ескертті.

Жаңа ережеге сәйкес, 1 қыркүйектен бастап «Орда Аймақ» бағдарламасы бойынша ипотеканы салынып жатқан пәтерді кепілге қою арқылы рәсімдеуге болады. Енді ипотека алу үшін басқа бір жылжымайтын мүлікті кепілге қою қажет емес.

«Бұл өзгеріс азаматтардың жаңа тұрғын үйге қауіпсіз инвестиция салуына, ал құрылыс салушыларға қаржыландыруды тек сенімді бақылаумен және үлескерлер үшін кепілдіктермен тартуға бағытталады», – деп түсіндірді компания.

Енді тұрғын үйі жоқ азаматтар да ипотека рәсімдей алады.

Ипотека артықшылықтары

Сыйақы мөлшерлемесі 15,9% болып белгіленді (ЖТСМ 17,26 % – 22,81%). Ал бастапқы жарна: 20%. Қарыз сомасы: 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін. Қарыз мерзімі: 12 айдан 240 айға дейін.

Салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Орда Аймақ» жаңа ипотекалық бағдарламасы 2025 жылғы 7 сәуірде іске қосылған. Сол кезде кепіл ретінде Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталығында орналасқан пәтер мен жер учаскесі жарайтыны айтылған.

Қазақстанда ипотека рәсімдеуді ұсынатын бағдарлама аз емес. Оларды мемлекет те, коммерциялық банктер де ұсынып отыр. Мемлекетті бағдарламалар арасында «7-20-25», «Шаңырак», сонымен бірге жастарға арналған «Отау», «Жастар» ипотекаларын мысалға келтіруге болады. Екінші деңгейлі банктер де мемлекеттің баспана бағдарламасына қатысып жүр.

Осының алдында Kursiv.Media нарықта бар ипотекалардың тізімін дайындаған