
«Қазгидромет» 25 тамызда елдің бірнеше өңіріне қолайсыз ауа райы туралы ескертті. Орталық және оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары. Елдің батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Қызылорданың шығысында, Түркістанның солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік пен шығыста тұман түседі.
Батыс және оңтүстік өңірлердегі ауа райы
Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С, облыстың оңтүстігінде +38°С-қа дейін жоғарылайды. Соған байланысты өңірде өрт шығу қаупі жоғары. 25 тамызда оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +32+37°С, облыстың оңтүстігінде +40°С-ға дейін аптап ыстық болады. Өрт шығуы мүмкін. 25 тамызда күндіз өңірдің шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с дейін жетеді.
25-30 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +35+40°С-ға дейін көтеріледі. Өрт шығу қаупі жоғары. 25 тамызда облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысында ауа температурасы +33+38°С-ға дейін жоғарылайды. Өрт шығуы мүмкін. 25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан +33+38°С-ға дейін ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары. 25 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел тұрады. Екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталғында 35 градус ыстық болады. 23-25 тамызда өңірде өрт шығу қаупі жоғары.
Батыс Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оның екпіні 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз 31-36 градус ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары.
Шығыс өңірлер
25 тамызда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел екпінісолтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с дейін күшейеді.
Орталық және солтүстік өңірлердегі ауа райы
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт шығуы мүмкін.
25 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында өрт шығу қаупі жоғары.