«Astana Finance Days 2025» форумы Қазақстан елордасында өтеді

Жарияланды
«Astana Finance Days 2025» форумы Қазақстан елордасында өтеді / Фото: АFD

2025 жылғы 4-5 қыркүйекте Астана қаласында Astana International Forum қолдауымен жылдың басты қаржы оқиғаларының бірі – VIII Astana Finance Days (AFD) форумы өтеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы – «Болашақтың негізін қалайтын капитал». Тақырып ағылшын тіліндегі «capital» сөзінің қос мағынасын: біріншісі, Астана – Қазақстанның астанасы (capital) және Шығыс пен Батыс тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы, екіншісі мағынасы –  орнықты өсудің қозғаушы күші ретінде капиталды (capital)  білдіреді.

Әлемде капитал үшін қызу бәсеке күшейген бүгінгі заманда қолдағы ресурстарды ұтымды пайдалану – климаттың өзгеруінен бастап экономиканы өсіруге және технологияны ілгерілетуге дейінгі сын‑қатерлерді жеңудің негізгі кепіліне айналып отыр.

Биыл Astana Finance Days-те әлемнің 70-тен астам елінен 5 000-нан аса қатысушы –  брокерлер, банкирлер, инвесторлар мен инноваторларды қоса алғанда, қаржы және технологиялық сектор, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдерінің басы қосылады деп жоспарланып отыр.

2025 жылғы форумның үш негізгі тақырыптық бағыты бар: қаржылық капитал, инфрақұрылымдық капитал және институционалдық капитал. Бұл әртүрлі тақырыптарды қамтуға мүмкіндік береді: спикерлер қаржы, финтех және тұрақты даму саласындағы өзекті үрдістерді, реттеу жүйесіндегі өзгерістерді және жаңа қаржылық өнімдер – дәстүрлі портфельдік инвестициялардан бастап криптовалюталарға дейін талқылайды.

Форумның басты спикерлерінің бірі – әйгілі футуролог, кәсіпкер әрі «Банк 4.0: Жаңа қаржылық құбылыс», «Техносоциализм. Теңсіздік, жасанды интеллект пен климаттың өзгеруі қалай жаңа әлемдік күн тәртібін қалыптастырады», «Кеңейтілген кеңістік дәуірі» және басқа да әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болмақ.

Сонымен қатар спикерлер қатарында: «РАКУРС» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Хусаинов, Brookfield компаниясының басқарушы серіктесі әрі Таяу Шығыс бойынша жетекшісі Жад Эллаун, Goldman Sachs компаниясының серіктесі Рияд Юсуф, BNY Mellon халықаралық бөлімінің басшысы әрі аға атқарушы вице-президенті Хани Каблави, Janus Henderson Investors компаниясының Таяу Шығыс, Африка және Орталық Азия бойынша жетекшісі Мешаль Джабер Әл-Фарас, сондай-ақ жеке бизнес, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың басқа да жетекшілері бар.

Биылғы форумның ерекшелігі AFD Exhibition Hub – Astana Finance Days бірыңғай көрме платформасы болмақ. Ол капитал және цифрлық инновациялар нарығында жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді және оң шешімдерді көрсетуге, нарықтағы позицияны жақсартуға және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға арналған кеңістікті ұсынады.

Форум ұйымдастырушысы – «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Global Financial Centres Index рейтингіне сәйкес Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы. Astana Finance Days 2025 алтын серіктестер: Freedom Broker және KAZ Minerals, күміс серіктестер: Solidcore Resources, ITS және MYD Production, қола серіктестер: ERG, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, өнеркәсіптік серіктес Allur  және басқаларының қолдауымен өтеді.

Осы сілтеме бойынша Astana Finance Days бағдарламасымен толығырақ танысып, тіркелуге болады.

Ақпараттық қолдау

Сондай-ақ оқыңыз