Freedom инвестициялық валютасы декларациясын Freedom SuperApp-та тапсыруға болады

Freedom SuperApp қосымшасында кірістер мен мүлік туралы салық декларациясын тапсыру сервисі пайда болды (270.00 нысаны). Freedom Bank декларацияны тапсырудың екі форматын дайындады: біріншісі қысқартылған – екі рет қана баса саласыз, бұны тек Freedom инвестициялық валютасынан түскен кіріс бойынша жасай аласыз. Екіншісі толық – табыстың басқа түрлерін көрсету мүмкіндігі бар. Freedom SuperApp-та декларация тапсыру сервисі қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Freedom SuperApp 2024 жылы Freedom инвестициялық валютасын (ETN биржалық нотасы) белсендірген пайдаланушыларға ол бойынша кірісті декларациялау қажеттілігі туралы белсенді түрде хабарлай бастады.
Осы салық кезеңінде декларация тапсыруы керек пайдаланушыларға Freedom SuperApp қосымшасының ішінде хабарлама келеді.
Әрі қарай декларацияның қысқартылған нұсқасын (270.00 нысаны) тек ETN кірісі бойынша толтыру бетіне өту үшін хабарламаны басу жеткілікті.
Осыдан кейін «Бастау» батырмасын басу керек. Жүйе пайдаланушының деректерін және Freedom инвестициялық валютасындағы кіріс мөлшерін автоматты түрде жүктейді.
Тек декларация түрін (бастапқы, кезекті, қосымша немесе хабарлама бойынша қосымша) өз бетіңізше таңдау қажет. Егер декларация бірінші рет тапсырылса, «бастапқы» таңдалады. Есеп өткен жылы тапсырылса «кезекті» деп белгілеу керек. Бұрын берілген есепке өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда «қосымша» декларация таңдалады. Егер клиент МКК-дан түзету туралы хабарлама алса, «хабарлама бойынша қосымша» түймесін басып, құжаттың жіберілгенін растау керек.
Қорытынды кезеңде нәтиже туралы хабарлама шығады, онда декларацияның мәртебесі көрсетіледі: салық органы қабылдайды немесе қабылдамайды. «Қабылданбады» мәртебесі берілген жағдайда декларацияны қайта тапсыру не салық органына жүгіну қажет.
Салық декларациясын 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін 2024 жылы Freedom инвестициялық валютасын сатып алған және құнының өсімінен табыс алған банктің барлық клиенттері тапсыруы тиіс екенін нақтылаймыз. Сонымен қатар, биыл валюта бойынша кірісті жариялауды қажет етпейтін пайдаланушыларға Freedom SuperApp қосымшасында ескерту келеді.
Сонымен қатар клиенттерге ыңғайлы болу үшін Freedom Bank кірістердің басқа түрлерін көрсету мүмкіндігімен толық салық декларациясын (270.00 нысаны) тапсыру опциясын іске қосты. Ол үшін Freedom SuperApp ішінде «Мемлекеттік қызметтер» қойындысын таңдап, «Активтер декларациясы» батырмасын басып, ашылған тізімнен «270 нысаны бойынша декларацияны» таңдап, деректерді тексеріп, құжаттың жіберілгенін растау қажет.
Айта кетсек, 2025 жылы Freedom инвестициялық валютасы яғни қағазды сату бойынша құн өсімінен алғаш рет табыс тапқан Freedom Bank клиенттері үшін кірісті декларациялау бойынша міндеттемелер келесі жылы ғана пайда болады. Банк мұндай пайдаланушыларға декларацияны тапсыру мерзімі мен тәртібі туралы алдын ала хабарлайды.
Сонымен қатар, банк клиенттері декларацияны басқа қызметтер арқылы да тапсыра алады. Бұндай жағдайда Freedom инвестициялық валютасынан алынған кіріс туралы ақпаратты Freedom SuperApp қосымшасынан «Freedom валютасы» бөліміндегі арнайы анықтамадан шығарып алуға болады.
Еске сала кетейік, өткен жылы Freedom Bank бейілділік бағдарламасын іске қосты, оның шеңберінде банк клиенттеріне Freedom инвестициялық валютасына айырбасталатын кешбэк беріледі. Freedom инвестициялық валютасы ETN биржалық нотасы болғандықтан, ол – бағалы қағаз. Сондықтан сату кезінде құн өсімінен алынған кіріс декларациялауға жатады. Бұл ретте «АХҚО туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес ETN салық салынбайды.
Ұсақ қаріппен:
Freedom инвестициялық валютасы – AIX биржасында саудаланатын, тиісті салық жеңілдіктері қолданылатын АХҚО құқығына сәйкес тіркелген және шығарылған биржалық нота (ETN).
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы 12.06.2024 ж. берілген №1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚНРДА лицензиясы