Дуров бір жыл бұрын Францияда ұсталғанын «полиция қателігінен» деп атады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Дуров бұл тұтқындауды бұрын-соңды болмаған және заңдық негізсіз жағдай деп атады / Фото: kursiv.media архиві

Павел Дуров өзінің Париждегі тұтқындалуын француз полициясының қателігінен болғанын мәлімдеді. Бұл Францияның имиджіне нұқсан келтіргенін айтады.

Париждегі тұтқындау 

Telegram негізін қалаушы 2024 жылдың 24 тамызында Париж әуежайында ұсталған болатын. Кәсіпкер төрт күн қамауда болып, кейін сот бақылауымен босатылған.

Өз мәлімдемесінде Дуров бұл тұтқындауды бұрын-соңды болмаған және заңдық негізсіз жағдай деп атап өтті. Оның айтуынша, бұл әрекет мессенджер қолданушыларының іс-әрекеттеріне байланысты болған, ал ол олардың әрекеттеріне жауапты емес.

«Біздің модерация процедураларымыз салалық стандарттарға сәйкес келеді, әрі Telegram барлық заңды міндеттейтін сұраныстарға жауап беріп келеді», – деді Павел Дуров.

Құқық қорғау органдарының қатесі 

Дуровтың айтуынша, 2024 жылдың тамызына дейін француз полициясы ұлттық және еуропалық заңнаманы елемей, Telegram-ға ресми сұраныстар жолдамаған.

«Мен француз полициясының қателігінен тұтқындалдым. Олар дұрыс процедураны интернеттен іздеп немесе біреуден сұрап-ақ біле алар еді», – деді ол.

Миллардердің айтуынша, енді оған әр 14 күн сайын Францияға барып отыруға тура келеді, ал апелляциялық шағымды қарау күні әлі белгіленбеген.

Еске салсақ осыған дейін, Павел Дуров өзінің 100 баласы бар екенін мойындап, оларға арнап мұрагерлік хатын дайындап қойғанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз