Алматыдағы бас ботаникалық бақ 26 тамызда жабық болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бас ботаника бағы бір күнге жабылады/фото: shutterstock

Алматыдағы бас ботаникалық бақ 26 тамызда жабық болады. Бұл туралы ботаникалық бақтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Айдың бірінші дүйсенбісі 1 қыркүйек – демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты санитарлық күн 26 тамызға ауыстырылды. Сейсенбі, 26 тамызда Ботаникалық бақ жабық болады», – делінген ақпаратта.

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгермейді: ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30.

Бақ санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін екенін еске салды.

Айта кетейік, 30 тамыз – Конституция күні. Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп отыр. Еңбек кодексіне сәйкес, мемлекеттік мереке демалыс күніне келсе, онда демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, 30 тамыз сенбіге түскендіктен, 1 қыркүйек демалыс болады.

Сондай-ақ оқыңыз