Lifestyle

«Қолыңнан келсе алып қаш»: Бір аптада 432 млн теңге жинаған комедия рекорд орнатты

Қолыңнан келсе алып қаш фильмі рекорд орнатты / фото: скрин

2025 жылдың 21–24 тамызы аралығында еліміздің кинотеатрларындағы кассалық көрсеткіштер жаңарды. Freedom Ticketon ұсынған мәліметке сәйкес, аптаның үздік ондығына енген фильмдер ішінде отандық туынды көш бастап тұр.

  1. «Қолыңнан келсе алып қаш» – аптаның абсолютті көшбасшысы. Бірінші аптаның өзінде 432 302 325 теңге жинап, кассалық рекорд орнатты. Бұл комедия жанры көрермен жүрегінен орын тапқанын дәлелдеді.
  2. «Жаман жігіттер» (4-апта) – 38 172 251 теңге жинап, екінші орынды иеленді. Голливудтық мультфильм бірнеше апта қатарынан сұранысқа ие.
  3. F1 (9-апта) – 30 038 840 теңге. Спорт тақырыбындағы фильм әлі де қызығушылық тудыруда.
  4. «Диспетчер» – алғашқы аптасында 28 891 525 теңгемен төртінші орынға көтерілді.
  5. «Орудия» (3-апта) – 27 472 640 теңге.
  6. «Никто 2» (2-апта) – 19 860 594 теңге. Бұл фильм де көрермендерден жақсы бағасын алуда.
  7. «Адам: Нартәуекел» – тағы бір отандық туынды. Алғашқы аптасының өзінде 18 441 436 теңге жинаған.
  8. «Байдың баласы» (6-апта) – 15 411 500 теңге. Халық арасында қызығушылық әлі де бар.
  9. «Фантастическая четверка: первые шаги» (5-апта) – тізімді аяқтаған фильм.

Бұл аптада қазақстандық фильмдердің табысы шетелдік туындылардан әлдеқайда жоғары болғаны байқалады. Әсіресе, «Қолыңнан келсе алып қаш» пен «Адам: Нартәуекел» фильмдерінің табысты бастауы отандық киноөндіріс үшін үлкен жетістік.