
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желі арқылы сусабын сатып, дау-дамайға қалды. Өнімін сатып алғандар наразылық білдіріп жатыр.
Ұтысқа қатысқандар сатып алған сусабынына қол жеткізе алмай жатқанын айтуда. Жапа-тармағай ақшасы төленген тауарын қалай алатынын сұрап, жеке парақшасына шығып жатыр. Айтуларынша, ұтыс өткізілген соң, ұйымдастырушылар нөмірлерін көтермей қойған.

Кейбіреулер сусабынның сапасына наразылық білдіріп жатыр. Олардың пікірінше, Қытайдың 3 мың теңге тұратын дүниесін 13 мың теңгеден сатқан.
Тіпті, ұтысқа қатысқандар не сусабынды, не ақшасын қайтаруды талап етіп жатыр. Тіпті, кейбір наразылар Гүлзира Айдарбекованың үстінен құзырлы орындарға шағым түсіретіндерін айтып жатқандар бар.

Айта кететін жайт, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова сусабын саудалап, ұтыс өткізген. Оған Lexus көлігін, 10 млн теңге және басқа да сыйлықтар тіккен еді. Өзінің айтуынша, оған 5000-нан астам адам қатысуға әзір екенін айтқан.



