«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтініш қабылдау аяқталып келеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқу-ағарту министрлігі «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының шарттарын жариялады / фото: shutterstock
Оқу-ағарту министрлігі «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының шарттарын жариялады / фото: shutterstock

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтініш қабылдаудың аяқталуына небәрі 1 апта қалды.

Оқу-ағарту министрлігі байқаудың шарттарын жариялады.

Талапкер нені білу керек?

Педагогикалық идеялар панорамасы байқауының өңірлік кезеңінен өту үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Ең алдымен жұмыс мазмұны мен өзектілігі жазбаша түрде ұсынылады. Ал педагогикалық идеяның бейнематериалы республикалық кезеңге өткен соң ғана сұралады.

Конкурс бағыттары

Байқаудың жеті түрлі бағыты бар. Атап айтқанда:

1. Оқу сауаттылығы

    2. Математикалық сауаттылық

    3. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

    4. Цифрлық сауаттылық

    5. Экологиялық сауаттылық

    6. Мәдениетаралық сауаттылық

    7. Қаржылық сауаттылық

    Байқау талаптары

    Басты талау – үшеу:

    Бақ сынап көргісі келген әр қатысушы тек бір бағыт бойынша бір жұмыс ұсына алады.

    Жұмыста авторлық әдістемелік идея қамтылуы қажет.

    Өзге байқауларға ұсынылмаған, бұрын еш жерде жарияланбаған, авторлық құқықты бұзбайтын және Қазақстан заңнамасына сай материал болуы тиіс.

    Кімдер қатыса алады?

    «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына мұғалімдердің дені қатыса алады. Атап айтқанда, барлық өңірлердегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері сынға түспек.

    Жеңімпаздарға қандай мүмкіндік беріледі?

    Байқаудың үздіктері ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысады. Бастысы, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

    Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu.edu.kz сайтында 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

     Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев ұстаздың өз құзыретіне кірмейтін оқыс оқиғаларға байланысты негізсіз айыптаулардан қорғалуы керек екенін мәлімдеген еді.

    Сондай-ақ оқыңыз