Жаңалықтар

Отбасы банк неге Астанаға көшеді?

Фото: ашық дереккөзден

Отбасы банктің Астанаға көшуіне 2025 жылы 24 мамырда Ұлттық даму институты деген статус алуы себеп болды. Кеңсені ауыстыру үшін арнайы жұмыс тобы да құрылған. Қаржы ұйымы Kursiv Media-ның сауалына осылай жауап қайтарды.

Ұлттық даму институты қалай жұмыс істейді?

Банктің түсіндіруінше, ұлттық даму институтын деген статус алғаннан кейін қаржы ұйымы кезекке тұрғандарға баспананы бөліп беріп, есепке алып, тіркей алады. Қазақстандағы тұрғын үй саясатының аясында мемлекеттік ведомстволармен тиімді байланысу үшін Орталық аппаратты астанаға көшіру туралы шешім қабылданған.

«Халықаралық практика көрсеткендей көптеген елдерде ұлттық даму институты мен мемлекеттік банктер астанада, мемлекеттік органдардың жанында орналасады. Сол арқылы мемлекеттік бағдарламаның жүйелі орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік құрылымдармен ортақ жұмыстың тиімділігін көтереді, азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге арналған тапсырмаларды шұғыл орындайды», – деп жазылған қаржы ұйымының жауабында.

«Отбасы банктің» бас кеңсесі қайда орналасады?

Қазір банкте арнайы жұмыс тобы құрылып, көшуге қанша шығын кететінін, оны қалай жүзеге асыру жолдарын мұқият зерттеп шықты. Нәтижесінде Орталық аппарат үшін ғимаратты жалға алу өте тиімсіз екенін анықтады.

Сондықтан банк Астанадан жеке ғимаратты сатып алуды жөн деп шешіп, «Думан» кешенін қолайлы деп тапты. 2025 жылдың 18 шілдесінде «Думан» ғимаратын сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

«Ғимарат қауіпсіздік және техникалық стандарттарын сай келеді. Оны «Қайтарылған активтерді басқару бойынша компания» ЖШС-дан сатып алды. Ғимаратты сатудан түскен қаржы Арнайы мемлекеттік қорға аударылды. Ғимарат аумағында Орталық аппарат ғана емес Деректерді өңдеу орталығы да орналасады. Аталған ұйым деректерді сақтау мен оның қауіпсіздігіне жауап беріп, банк жұмысын барынша тәуелсіз етеді.

Ғимаратты «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының бөлімдері де орналасады. Азаматтарға тұрғын үй саясатын түсіндіру бойынша қосымша шаралар да өткізіледі.

Астанаға көшуге банк қызметкерлері келісті ме?

Орталық аппарат қызметкерлері арасында жүргізген сауалнамаға сәйкес, олардың 80%-ы Астанаға көшуге келіскен. Олардың жол шығындары өтеледі. Ал жаңа қалада жаңа қызметкерлер қабылдау штатты режимде өтеді.

«Банктің Орталық аппаратын көшу кезең-кезеңімен жүреді және процестердің үздіксіз жүруіне кедергі келтірмейді», – деп хабарлайды қаржы ұйымынан.