Wildberries Қазақстанда жаңа сервисті іске қосты

Wildberries онлайн-ритейлері Қазақстандағы тұтынушылар үшін жаңа сервисті іске қосады. Енді платформадағы сатушылар Click&Collect қызметін қоса алады.
Жаңа қызмет арқылы тұтынушылар сайттан немесе қосымшадан тауарға тапсырыс беріп, оны тапсырыс орталығынан емес сатушының дүкенінен қалаған уақытта алып кете алады.
Бұл қызметті пайдалану үшін клиент онлайн дүкендегі тауарды таңдап, тапсырыс жасайды. Оған тауарды алып кетуге болатын мекенжайлар тізімі беріледі, сол жерде сақтау уақыты да көрсетілген.
Тауарды 72 сағаттан кем емес уақытта алып кетуге болады, бірақ ол бір тәуліктен 30 тәулікке дейін сақталып тұрады.
«Click&Collect – сатудың ыңғайлы тәсілі, ол сатушыларға аудиторияны тартудың жаңа жолдарын ұсынып, сатылымды арттыруға мүмкіндік береді, ал клиенттерге тапсырысты алу үшін әртүрлі нұсқалар береді», – дейді Wildberries -тің сатушылар күшімен жеткізу бағытының жетекшісі Елизавета Шлеин.
Қазір бұл қызмет Wildberries-тің iOS және Android-тағы қосымшасында қолжетімді. Оны қосу үшін мобильді бағдарламасын жаңалау қажет.
Wildberries 2014 жылдан бастап елімізде жұмыс істейді. Оның иесі Татьяна Ким жақында әлемдегі ең бай 50 әйелдің қатарына кірді.