Жаңалықтар

Шетелде жақсы сатылып жатқан 10 үздік қазақ тауары

Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Kursiv Resear 2025 жылдың алғашқы жартысында экспорты айтарлықтай артқан он тауарды ұсынады. Сол арқылы шетелде өнімнің нақты қай түрлеріне сұраныс жоғары екенін анықтауға болады.

Шетелде қай тауарға сұраныс жоғары

Экспорты жылдам өсіп келе жатқан тауарларды анықтау үшін биыл қаңтар-маусым айларында түсімі 25 млн доллардан асатын өнімдер іріктеліп, олардың ішінен былтырмен салыстырғанда нәтижесі жоғарысы таңдалды.

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында басқа да болат өнімдері экспорты 58,1 млн доллар, ал қуаты 5 МВт-тан асатын газ турбиналарының экспорты 25 млн доллар болды. Сонымен бірге, зергерлік бұйымдар экспорты 22 есе, жеңіл дистилляттар 15 есе өсті.

Экспорты жақсы көтеріліп келе жатқан тағы алты тауардың арасында парфюмерия мен иіссу (+410,8%; 45,4 млн долларға дейін) бар. Ірі қара еті (+217,3%; 36 млн долларға дейін), жеңіл автомобильдерге арналған жаңа шиналар мен дөңгелектер (+169,3%; 26 млн долларға дейін) экспорты да артып жатыр.

Тартым күші 25 кН-дан асатын турбореактивті қозғалтқыштар (+166,4%; 77,7 млн долларға дейін), телебайланыс үшін қабылдау аппаратурасы (+164,8%; 29,5 млн долларға дейін) және жануар жемі (+159,1%; 244,6 млн долларға дейін) де шетелде жақсы сатылады.

Автокөлік шиналары өндірісі

Жеңіл көліктерге арналған жаңа шиналар экспортына ерекше назар аударуға болалы. Жарты жылда Қазақстан 267 мың шинаны шетелге жөнелтті. Оның 95%-ын Ресей сатып алды. Көрші елге экспортталған өнімдердің жартысынан астамы (58,1%) Қарағанды облысында өндірілген.

Қазақстанның экспортқа шығатын тауар түрлері жаңа өндірістің арқасында кеңейді. 2022 жылдың аяғында Саран қаласында (Қарағанды облысы) іске қосылған KamaTyresKZ кәсіпорны алғашқы бір жарым жылда тек жүк шиналарын (Forza бренді) шығарды. 2024 жылғы маусымда жеңіл автокөлік шиналары (Attar бренді) өндірісі жолға қойылды.

Зауыт басшыларының айтуынша, шілдеде өнімдер жөнелтіле бастады. Тауарды «СарыарқаАвтоПром» автомобиль зауыты, елдегі дилерлік орталықтар және Ресей сатып алды. Жеңіл автомобиль шиналарын шығару желісінің іске қосылуы Саран зауытының мамандануын өзгертті. Мұнда жылына 3 млн жеңіл және 500 мың жүк шинасы өндіріледі. Зауыт 2024 жылғы қыркүйектен бастап Tengri Tyres деп аталады.

2025 жылдың алғашқы алты айында зауыт 257,4 мың шина өндірді. Оның шамамен үштен бірі экспортқа жіберіледі. Кәсіпорын іске қосылғалы бері 450 мың дана тауар шығарған.

Кесте. 2025 жылдың қаңтар-маусым ауларында экспорты жоғары 10 тауар:
(дереккөз: есептеген Kursiv Research, Ұлттық статистика бюросы)

ТауарЭкспорт ($ млн)2024 жылмен салыстырғандағы өсім ($ млн)2024 жылмен салыстырғандағы өсім қарқыныЖалпы нәтижедегі үлес
1Басқа да болат өнімі580,2%
2Газ турбиналары250,1%
3Зергерлік бұйымдар30292050%0,1%
4Жеңіл дистилляттар75701387%0,2%
5Парфюмерия мен иіссу4536411%0,1%
6Ірі қара еті3625217%0,1%
7Шиналар мен дөңгелектер2616169%0,1%
8Турбореактивті қозғалтқыш7849166%0,2%
9Телебайланыс аппаратурасы2918165%0,1%
10Жем245150159%1%

Бұған дейін Kursiv Research арзан мұнай салдарынан Қазақстан экспортта 2,8 млрд доллардан айырып қалғанын жазған.